Атырауда тағы да қамыс өртеніп жатыр

Атырауда тағы да қамыс өртеніп жатыр
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Атырауда "Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи резерваты аумағында шамамен 3 гектар көлемінде қамыс өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін қала аумағында түтін иісі сезілуіне байланысты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы барлау жұмыстарын жүргізген. Барлау нәтижесінде түтін Дамбы селосынан 30 шақырым қашықта, Каспий теңізі жағалауына шығып жатқаны анықталған.

"Жедел топ оқиға орнына жеткен кезде шамамен 3 гектар аумақта қамыстың бықсып жатқаны анықталды", - делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.

Қазір оқиға орнында 18 қызметкер мен 3 техника, "Ақжайық" резерватынан 15 адам, 3 техника, 2 мотопомпа жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда тұрғындар қаланы түтін басқанына шағымданғаны хабарланған болатын. Мұның себебі қамыстың өртенуі болған. Кейін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департменті өкілдері өртсөндірушілер өрт сөндірумен айналысып жатқанын мәлімдеген еді. Кейін бірнеше күнге созылған қамыс өрті сөндірілгені белгілі болды.

Атырау облысындағы төтенше жағдай: іс прокуратураға жолданады

Баян Жанұзақова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова