Атырауда жасөспірім аяусыз соққыға жығылған сәт видеоға түсіп қалған

Атырауда жасөспірім аяусыз соққыға жығылған сәт видеоға түсіп қалған
Фото: Atpress

Әлеуметтік желіде жасөспірімдер арасында төбелес шыққаны көрінетін видео тарады. Кадрлардан бір топ бала жасөспірімді соққыға жығып жатқаны байқалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 11 сәуірде Атыраудағы колледждердің бірінің жатақханасы маңында болған. Атырау облыстық білім беру басқармасы мәліметінше, жасөспірімді соққыға жыққандар арасында Атырау политехникалық колледжі, Атырау аграрлы-техникалық колледжі, Атырау көлік және коммуникация колледжі студенттері бар.

"Қазіргі таңда колледж әкімшіліктері осы жағдайға байланысты профилактика жұмыстарын күшейтіп, нақты шараларды қолға алды. Басқарма тарапынан да зерделеу жұмыстары басталды", - деп нақтылады Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова.

Бұл оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті өкілдері пікір білдірді.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

2006, 2007 жылы туған күдіктілер Атырау қалалық №2 полиция бөліміне жеткізілген.

Баян Жанұзақова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова