Жетісу облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды

Жетісу облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жол апаты Ескелді ауданында болған, онда Алдабергенов ауылының жанындағы автожолда Toyota Prado мен Toyota Camry соқтығысқан.

Оқиға орнында жеңіл автокөлікті мінген 47 жастағы ер адам қаза тапты.

Жол талғамайтын көлік жүргізушісі жолаушысымен бірге аудандық ауруханаға ауыр дене жарақаттарымен жеткізілді. Өлімге әкеп соқтарған жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан