Жетісу облысындағы ауыл маңынан көп оқ-дәрі сақталған орын анықталды

Жетісу облысындағы ауыл маңынан көп оқ-дәрі сақталған орын анықталды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында көп оқ-дәрі сақталған орын анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жасырын орын Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылынан 15 шақырым жерде табылды.

729 дана 5,45 мм калибрлі патрондар әскери полигон маңындағы дала аймағында табылған металл контейнерде болды.

Полиция шалғай жерде оқ-дәрілері бар темір контейнердің мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан