"Екі қайынжұрт бар". Бір күнде екі әйел алған ер адам елді қызықтырған сұраққа жауап берді

"Екі қайынжұрт бар". Бір күнде екі әйел алған ер адам елді қызықтырған сұраққа жауап берді
Фото: Tiktok/yera_zxc

Әлеуметтік желіде бір жігіт екі әйел алғаны туралы видео тарады. Ер адам Желі қолданушыларын қызықтырған сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Kyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір күнде екі әйел алған жігіттің есімі - Ержан, ол - цирк қызметкері.

"Екі әйел алғаным рас. Өзім циркте жұмыс істеймін. Шымкенттегі Қайтпаста тұрамын. Шыққан ауылым - Жетісай. Әйелдерім үйде жұмыс істеп жатыр. Екеуі ұрысып, керіспейді. Қазір сол екі қайынжұрт бар. Әрине, басында түсінбестік, шу, қарсылық білдірген үлкендер болды. Үшінші әйел алу қазірге жоспарда жоқ. Бұйыртса қос-қостан перзент сыйлап, ұрпағым оннан асады деп отырмын. Маған негатив жазбаңыздар. Таза мұсылман елдің төсегі мен ішкиіміне үңілмейді. Таза мұсылман екі әйел алудың, оны ұстаудың ережесін, жөнін біледі. Иә, менің әйелдерім бір үйде тұрады. Екеуі екі бөлмеде. Бір күні бірінші бөлмеде болсам, екінші күні келесі бөлмеде қонамын. Ол сұрақты енді қайтып қоймаңыздар!"-деді ол.

Шымкенттің тұрғынының бір күнде екі әйел алғанына бәрі таңғалды. Алғашында Kyn.kz редакциясына жігіттің тойында болған қонақтар видео жолдаған. Кейін жігіттің әпкелері редакцияға "бұл жалған" деп хабарласқан. Араға көп уақыт салмай, бұл жағдайдың шын екенін жігіт растады.

Ержан есімді 27 жастағы жігіт циркте жұмыс істейді. Ол екі бойжеткенмен қатар сөйлесіп жүрген. Кейін екеуін бірдей үйіне алып келген. Анасы қанша қарсы болғанына қарамастан екі бойжеткен де "Ержанның келіншегі болып, осында қаламыз" деген шешім қабылдаған.

Еске салайық, бұған дейін бір күнде екі әйел алған Ержанның видеосы Желіде тарағанын хабарлаған едік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек