Есірткіні ораумен айналысқан 18 жастағы талдықорғандық ұсталды

Есірткіні ораумен айналысқан 18 жастағы талдықорғандық ұсталды
Фото: Telegram / Polisia.kz

"Синтетиканы" ораумен айналысқан 18 жастағы талдықорғандық ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Күдікті Талдықорған қаласындағы шағын аудандардың бірінде арнайы іс-шаралар барысында ұсталды. Жеке тінту кезінде 18 жастағы жігіттен синтетикалық есірткінің бір түрі α-PVP-пирролидиновалерофеноннің 45 бумасы табылды.

"Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 21,19 грамм. Бұл аса ірі мөлшерде деп есептелінеді. Жалпы, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2,5 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді", - деді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес жүргізіледі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина