Атырауда мұқтаж отбасыларға тегін киім үлестіретін әлеуметтік дүкен ашылды

Атырауда мұқтаж отбасыларға тегін киім үлестіретін әлеуметтік дүкен ашылды
Фото: pixabay.com

Атырауда мұқтаж отбасыларға тегін киім үлестіретін әлеуметтік дүкен ашылды, дүкен Нұрсая ықшамауданындағы №57 үйде орналасқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік дүкен мұқтаж адамдар ғана көмек ала алады. Оның өзінде жобаны қолға алғандар мұқтаждарды үш санат бойынша анықтап отыр. ​

"Біздің дүкенімізден көп балалы отбасылар, ерекше бала тәрбиелеп отырған және асыраушысынан айрылған жанұялар керек-жарағын тегін ала алады. Ол үшін дүкен қызметкерлеріне тиісті құжаттарды көрсету жеткілікті. Дүкеннен киім-кешекпен бірге, аяқ киімдер алуға болады", - дейді жобасы жетекшісі Рысты Жексенбаева.

Белгілі болғанындай, әлеуметтік дүкеннің дамуына кез-келген адам атсалыса алады. Яғни, шкафтарда ұзақ жатып қалған киімдерге «екінші өмір» беру арқылы, шын мұқтаждарға ​ қуаныш сыйлауға болады.

"Киімдер химиялық тазалаудан өтеді. Сұрыпталады. Біз бүтін, таза киімдерді ғана мұқтаждарға ұсынамыз", - дейді жоба жетекшісі Рысты Жексенбаева.

Әлеуметтік дүкен күнделікті 10.00-19.00 аралығында қызмет көрсетеді.

Баян Жанұзақова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан