"Өлсем де Қызылордада тұрмаймын дейтін едім". Төреғалидің кіші қарындасы естелігін бөлісті

"Өлсем де Қызылордада тұрмаймын дейтін едім". Төреғалидің кіші қарындасы естелігін бөлісті

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы Дина Төреәлі қызылордалық жігітке тұрмысқа шыққан еді. Ол алғашында Қызылордада тұрғысы келмегенін айтты. Ол бұл туралы Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Динаның айтуынша, 4 жыл бұрын жарты жыл уақыт Қызылордада тұрған. Бұл кезде ағасының қызының емі үшін келген. Осы сапардан кейін "Қызылордада тұрмаймын" деген ой түйген.

"Өлсем де Қызылордада тұрмаймын дейтін едім" дедім. Жанымда туысқан әпкем бар еді. "Олай деме, мүмкін қызылордалық жігітке тұрмысқа шықсаң ше" дегенде, "қызылордалық жігітке өлсем де тұрмысқа шықпаймын" дегенмін. Осы сөздерді ешқашан ұмытқан емеспін", - дейді ол.

Ал кейін тағдыр айдап, қызылордалық жігітке тұрмысқа шыққан. Алайда алғашында бұл қалада тұра алмайтынын айтқан.

"Арада 4 жыл өтіп, қасиетті Рамазан айында сері жігітпен танысып, 3 ай жүріп тұрмыс құрдым. Қызылордалық екенін білдім. Бірақ отбасы болмай тұрып оған "Қызылордада тұра алмаймын" деп ескерткенде, жолдасым және оның ата-анасы Астанада тұрамыз деп келісілген болатын", - дейді ол.

Кейін той қарсаңында Қызылордада бір айдай тұратынын білген. Ал тойдан кейін бір жыл тұратындарын білген.

"Бастысы жолдасым жанымда, қайда болсақ та біргеміз деп жүргеніммен ол нәрсеге сене алмай, қабылдай алмай іштей өте қатты қиналдым. Өзім іштей қиналып жүрген кезде кезінде айтқан сөздерім қайта-қайта есіме түсе берді", - дейді ол.

Осы жайттардан кейін Дина Төреәлі бұрын айтқан сөзі есіне түсіп, туған жерін дамыту үшін көлікке деп жинаған ақшасын бизнеске құйғанын жеткізді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова