Алматы облысында тұрғындар 2-сынып оқушысы зорланғанын айтып, дабыл қақты

Алматы облысында тұрғындар 2-сынып оқушысы зорланғанын айтып, дабыл қақты
Фото: elements.envato.com

Алматы облысында 2-сынып оқушысы зорлануына қатысты іс тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл оқиға туралы НеМолчи.kz қоры өкілдері мәлімдеді. Бұл қорға Алматы облысы Жамбыл ауданы Қасымбек ауылының жұрты жүгінген. Ауыл тұрғындарының айтуынша, өрескел оқиға биыл 23 наурызда мектепте болған.

"Бір апта бұрын мектепте қорқынышты, төтенше жағдай болды: екі 5-сынып оқушысы бастауыш мектептің 2-сыныбындағы баланы зорлаған. Сонымен қатар, балалардың бірі 8-сынып оқушысы дәл осылай жасағанын айтады. Мектепте көптеген ойға келмейтін нәрселер болып жатыр, бұл туралы облыстық білім басқармасына бірнеше рет жазылған. Бірақ бұл жағдай шектен шықты. Бұл жолы бәрі ештеңе болмағандай кейіп таныта ма деп қорқамыз.

​​Мектеп директоры тарапынан жұмыс жүргізілмейді, тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші де өзінің құзыретін пайдаланбайды. Мұндай әкімшіліктің сынып жетекшілері өз жұмыс орындарында не істейтіні түсініксіз. Өз орындарында отырмайтын адамдарға балаларымыздың тағдыры мен психикасын бұзуға жол бермеу керек", - дейді ауыл тұрғындары.

Белсенділер құзыретті органдардан жағдайды қадағалауды және зорлық-зомбылық дерегі расталса, балаларды арнайы интернатқа жіберуді, ал олардың ата-аналарын Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.

Бұл мәселеге аймақтық прокуратура өкілдері бірден пікір білдірген. Жамбыл ауданының прокуроры Дархан Жылангөзев 30 наурызда ауылдық мектепте жиын өткізген. Оған аудан әкімі орынбасары, аудандық білім бөлімі және полиция бөлімінің өкілі, оқу орнының директоры қатысты.

"23 наурызда болған оқиға бойынша 2, 5 және 8-сынып оқушылары арасында акт залында ата-аналарымен кездесу өтті (20-30 адам). Прокуратура, әкімдік және полиция өкілдері осы мәселе бойынша қабылданып жатқан шараларды түсіндірді", - деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі өкілі.

Өңірлік білім басқармасы өкілі қазір медициналық сараптама жүргізіліп жатқанын айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова