Жетісу облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды

Жетісу облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды

27 наурызда Жетісу облысы Ақсу ауданында Toyota Camry және Kia Rio көліктері соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Kia Rio көлігін 40 жастағы әйел, ал Toyota Camry көлігін 39 жастағы ер адам мінген.

Жеңіл көліктер Алматы - Өскемен тас жолының 406-шақырымында соқтығысқан, жүргізушілердің бірі рөлді басқара алмай, көлік қарсы жолаққа шығып кеткен.

 Жол апатынан үш адам қаза тапты, тағы екі адам түрлі жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылды. Тергеу барысында жол апатына кінәлі адам анықталады.

Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері мен тергеушілер жұмысын жалғастырып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан