Түркістан облысының тұрғынынан 260-тан астам оқ-дәрі тәркіленді

Түркістан облысының тұрғынынан 260-тан астам оқ-дәрі тәркіленді
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының тұрғынынан 260-тан астам оқ-дәрі тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне тұрғынның бірі үйінде патрондарды заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат түскен. Полиция қызметкерлері тез арада күдіктінің мекенжайын анықтады. Аталған мекенжайға тінту жүргізу кезінде ауыл тұрғынының үйіндегі түрлі калибрлі 260-тан астам заңсыз сақталған оқ-дәрі тәркіледі.

Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп және оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан