Шымкентте 5 жасар қыз терезеден құлап, ес-түссіз жатыр

Шымкентте 5 жасар қыз терезеден құлап, ес-түссіз жатыр
Фото: pixabay.com

Шымкентте 5 жасар қыз терезеден құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қаланың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға кеше, 23 наурызда әл-Фараби ауданы 16-шағын ауданындағы көпқабатты №18 тұрғын үйде болған.

Бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен ата-анасының қарауынсыз қалған, 2018 жылы туған қыз құлаған. Ол дереу ауруханаға жеткізілген. Жағдайы ауыр.

Оқиғаның мән-жайын Шымкент полиция департаментінің қызметкерлері анықтап жатыр. Қазіргі таңда қызға операция жасалған, комада жатыр, есін әлі жинамаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан