Жағаұстатар кадр: Атырауда ер адам өз-өзіне қол жұмсады

Жағаұстатар кадр: Атырауда ер адам өз-өзіне қол жұмсады

Әлеуметтік желіде ер адамның өзіне пышақ сұғып жатқан видеосы тарады, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

Кадрларда ер адамның бірнеше мәрте өзіне қарай пышақ тақап жатқаны көрінеді. Сондай-ақ, ол өзін өлтіретінін айтады. Полиция қызметкерлері оны тоқтатуға тырысады, бірақ кеш болады.

Желі қолданушылары жігіт жекпе-жектен чемпион екенін, ал оқиға кезінде "трамадолдың" ықпалында болғанын айтқан.

Атырау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова