"Қытайдан арзан тауар". Маңғыстаулық тұрғындар ақшаларын қайтаруды талап етті

"Қытайдан арзан тауар". Маңғыстаулық тұрғындар ақшаларын қайтаруды талап етті

"Үйіңді, дүкеніңді, кәсібіңді сат"! Маңғыстаулық тұрғындар алаяқтан мүлкін сатып, ақшаларын қайтаруды талап етті - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде зардап шеккен тұрғындардың ақшаларын қайтаруды талап етіп, жанжал шығарған видеосы тарады. 

Бұл оқиға шамамен 1 жыл бұрын басталған. Күдікті облыс тұрғындары арасында "WhatsApp" әлеуметтік желісі арқылы, "Қытайдан арзан тауар" деген атпен топ құрған. Онда сан түрлі тауарлар жарнамаланған. Ыдыс-аяқ, киім-кешек, жиһаз, тұрмыстық техникаға дейін болыпты. Әрі, бағалары "су тегін". Тауар 7-8 айда немесе 1 жылда келеді бірақ, ақшасын жедел төлеу керек деп жазған. Жұрт соған сеніп, осы әйелдің есеп шотына ақша аударыпты. Нәтижесінде күдікті қомақты қаражат жинап алған.

Алаяқтың арбауына түскен қараша халық құзырлы органға арызданған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, күдікті үй қамаққа алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сая Мәжитқызы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы