Үш ай бұрын Алматыға келген ер адам мен әйел із-түссіз жоғалып кеткен

Үш ай бұрын Алматыға келген ер адам мен әйел із-түссіз жоғалып кеткен
Фото: © instagram/volontery_almaty_lider.kz

Жамбыл облысындағы Шуда ер адам мен әйел жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еріктілердің Instagram желісінде жариялаған ақпараты бойынша, Венера Анатольевна мен Алексей Анатольевич 2022 жылғы желтоқсанда Алматыға жұмысқа кеткен. Кейін олар із-түссіз жоғалып кеткен. 

Жоғалғандардың екеуі де орта бойлы және орта денелі. Жоғалған кезде олардың қандай киім кигені белгісіз.

Хабар-ошарсыз кеткендердің қайда екені туралы білетіндер +7 708 336 36 45, +7 701 375 92 91 немесе 102 телефондарына хабарласуы сұралады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек