Наурыз мерекесінде Астана-Бурабай арасында ұлттық стильдегі пойыз қатынайды

Наурыз мерекесінде Астана-Бурабай арасында ұлттық стильдегі пойыз қатынайды

Астана мен Щучинск-Бурабай курорт аймағында Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық стильдегі пойыз қатынайды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттың ұлық мейрамын ерекшелік тойлауды мақсат еткен "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы Астана-Бурабай электр пойызын ұлттық стильде безендіруді жөн көріпті. Мерекелік пойыз күн сайын бір ай бойы жүрмек. Пойыз таңертең Астанадан аттанады. Жолаушыларды отырғызу таңғы сағат 06:03-те "Нұрлы Жол" және Астана-1 вокзалында сағат 06:57-де ұйымдастырылады.

Жылжымалы құрам Ақкөл, Елтай және Макинка станцияларында аялдайды. Мерекелік пойыз соңғы станцияға таңғы сағат 09.51-де жетеді. 

Жолаушыларға жайлы болуы үшін мерекелік пойыздар ауа кондицонері, биоәжетхана қондырғылармен жабдықталған. Жолаушылар пойызда vputi.kz мультимедиа порталының қызық контенттері мен пайдалы ақпараттарын көре алады.

Абзал Алпысбайұлы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова