Ақтауда ер адам домофонды өртеуге тырысқан - видео

Ақтауда ер адам домофонды өртеуге тырысқан - видео
Фото: Lada.kz/видеодан алынған кадр

Ақтауда полиция домофонды өртеген адамды іздестіріп жатыр. Мүліктің бүліну дерегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Lada.kz.

Оқиға 19 наурызға қараған түні Rose тұрғын үй кешенінде, 31 б шағынауданы №8 үйде болған. Тұрғындардың айтуынша, сағат 03:00 шамасында қыз бен жігіт үйдің кіреберісіне келген. Оларда домофон кілті болмаған, ал жігіт есікті өзі тартып ашуға тырысқан. Сәтсіз әрекеттен кейін ол домофонды өртей бастаған, бірақ бұл да сәтсіз болған.

Кейін оған тұрғындардың бірі есік ашқан. Бейнебақылау камераларынан жазбаны көргеннен кейін тұрғын үй кешені тұрғындары полицейлерді шақырған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова