"11 айлық кезінен бастап сериалға түскен". Танымал мемдегі қыз қазір қандай?

"11 айлық кезінен бастап сериалға түскен". Танымал мемдегі қыз қазір қандай?

10 жыл бұрын танымал болып кеткен бұл мемді бір рет болсын көрген боларсыз?! Бұл суреттегі қыздың түрі өмірдегі көптеген жағдайларға сәйкес келеді. Бұл қыздың суретіне түрлі күлкілі сөздер жазылды. 

Бұл ғаламтордағы кездейсоқ сурет емес, ол "Держись, Чарли" американдық сериалынан алынған кадр. Суреттегі қыздың есімі — Миа Талерико. Бұл сериал 2010 жылы шыға бастады және мемге айналған сәт "Ата-анамен танысу" сериясында көрсетілді. Ол кезде кішкентай актриса 2 жаста болатын, ал қазір ол 15-те.

Миа бір жасқа толмастан теледидар жұлдызына айналды. Оған оның телевиденияда жұмыс істейтін ата-анасы себепші болды. Басты кейіпкер рөліне кішкентай актриса іздеген кезде сәби шаршап қалмас үшін бастапқыда егіз таңдауды ойлаған. Бірақ олар тәуекел етіп, 11 айлық Мианы Чарли рөліне алады. Алайда Миа жасы кішкентай болса да, жақсы нәтиже көрсетеді. Жылап, еркелеп, түсірілім командасына кедергі келтірмеді. Оның жанында үнемі ата-анасы болды.

Миа тек киноға түсіп қана қоймай, сән брендтерінің жарнамаларына да түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Mia Talerico (@miatalerico101)

2014 жылы сериал жабылып қалды, Миа актерлік мансабында үзіліс алып, мектептегі сабағына уақыт бөледі. Сондай-ақ ол бимен және шаңғы тебумен айналысады. 2017 жылы Миа өзінің актерлік тәжірибесін еске алып, қысқа метражды "Фотографическая память" фильміне түседі. Бір жылдан кейін "Ты все еще боишься?" хоррорына түсті.

Миа әлеуметтік желіде өз суреттерімен белсенді бөліседі.

А. Жапатова