Талдықорғанда Миллионер дауыс берді

Талдықорғанда Миллионер дауыс берді

Талдықорғанда Миллионер атты тұрғын дауыс берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өтенай ауылдық округіне қарасты Мойнақ ауылының сүт өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкер Қажыкенұлы Миллионер дауыс берді. Ерекше есімді тұрғын бала кезінен мал шаруашылығымен айналысып, ұлттық тағамдарымыз: шұбат, қымыз, құрт, ірімшік, сүт, айран т.б. халыққа ұсынып келеді.

Бүгінде Миллионер 5 баласын және 10 немересін осы өнімдердің арқасында асырап отыр.

"Сайлау - саяси науқан. Сайлауға түсіп жатқан үміткерлер мемлекетіміздің болашағына өз үлестерін қосып, жауапкершілік танытады деген ойдамын. Қазақстан Республикасы - өзінің демократиялық үрдістерімен бүкіл әлемге танылған мемлекет. Мен осынау саяси жаңғырудың мән-маңызын, жалпыұлттық тұжырымын кең көлемде сайлаушы ретінде қолдай отырып, ел дамуының елеулі кезеңі халықтың саяси сауаттылығы мен сарабдал ойына, азаматтық көзқарасқа жүгінетініне сенімім мол", - дейді Миллионер. 

Еске салайық, бүгін Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат сайлауы басталды. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және Астана әкімі Жеңіс Қасымбек дауыс беріп үлгерді.  

Соңғы мәліметтер бойынша, қазақстандықтардың 14,21 пайызы дауыс беріп үлгерген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина