Сәкен Майғазиев Кенжебектің тойда шашын тартқан ер адамды итеріп жіберуі туралы ойын айтты

Сәкен Майғазиев Кенжебектің тойда шашын тартқан ер адамды итеріп жіберуі туралы ойын айтты

Желіде МузАРТ тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтің шашын тойда белгісіз ер адам тартқан видео тарап кетті. Видеода өнер иесі оны кеудесінен итеріп жібереді. Олардың бұл әрекеті халық арасында қызу талқыланды. Бұл жағдайға қатысты Кенжебектің әріптесі, МузАРТ тобының әншісі - Сәкен Майғазиев өзінің инстаграм парақшасында пікірін білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кенжебек Тұрсынбайұлы (@kenzhebekmuzart)

Әншінің айтуынша, оқырмандары не үшін ойын жазбайтынын сұрап, пікір білдіруін өтінген.

"Кенжебектің бұйра шашынан тіпті Мейрамбек, Мақсат үшеуіміз тарта алмаймыз (керек болса). ?
"Ойыңызды неге жазбайсыз?", " Өнер адамдарын басынып барады", "Ананы орнына қою керек", "Жәй, ішіп алған шығар, неге сонша итеріп жібереді?!", деген хаттар жекеме (direct) көптеп келіп жатыр.
Жә-жә, сабыр. Ол жігіт те тойға тойып келген шығар (көңілге да ?). Мүмкін, Кенжебектің шашы өзінікі емес-ау деп тексергісі келген шығар. ? Біреумен бәстескен шығар. Мүмкін Кенжебекке разылығын осылай білдіргісі келген шығар. ? Барынша ақтап алуға тырыстым", - деді әнші.

Сәкен Майғазиев Кенжебектің оның итеріп жіберуін әр жігітке тән шартты рефлекс екенін ескертті.

"Кенжебектің байсалдылығына, салқынқандылығына, ер жігітке тән ұстанымна риза болдым. @kenzhebekmuzart Басынып, басына шығып "банкет" жасап бара жатқан жігітке автоматты түрде жауап қайтарып, итеріп жіберуін нағыз жігітке тән шартты рефлекс деп ойлаймын. Жарасып-ақ тұр. Десек те, өнер адамы елдің қоры емес. Әлгі жігіт әншіге ғана емес, басқа маман иесіне де қол салуға хақы жоқ.
Дана ҚАЗАҚ "Ер шекіспей, бекіспейді", дейді. Әлгі бауырымыз қасиетті РАМАЗАН айында Кенжебекті ауызашарға шақырып, арадан қыл өтпестей дос болып, әулетімізбен туыстай араласып кететініне күмәнім жоқ. Ер жігіттің басынан не өтпейді, тәйірі. Бұндай оқиғалар талай болған. Жасасын ҚАЗАҚ жігіттері!", - деп қорытындылады әнші.

Ескерте кетейік, Massaget.kz тілшісі Кенжебек Жанәбіловке хабарласып, мән-жайдың қалай болғанын анықтаған болатын

А. Жапатова