"Көп адамға үлгі болды". Астанада Елизавета II атындағы сквер ашылды

"Көп адамға үлгі болды". Астанада Елизавета II атындағы сквер ашылды
Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Астанадағы орталық саябақтағы скверлердің бірі Ұлыбритания патшайымы Елизавета II құрметіне аталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Патшайым Елизавета II атындағы сквердің ашылуына Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли қатысты. Ол бүгін Қазақстан астанасына келген еді.

 

Сквер Қабанбай батыр даңғылында, "Салтанат сарайы" кешені мен St. Regis Astanа қонақ үйінің арасында орналасқан.

"Патшайым Елизавета II дүниежүзі бойынша көп адамға үлгі болды және бұл біздің ел әрқашан мақтан тұтатын нәрсенің бірі. Біз бұған дейін бұл сквер туралы және оны патшайымның атымен атау жайлы сөйлескен едік, содан кейін мүмкін болса, ашылуына келгім келіп еді", - деді Ұлыбритания Сыртқы істер министрі.

Еске салайық, бүгін Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Астанаға келді.

Ол Қазақстанға алғашқы сапары барысында сыртқы істер вице-министрі Роман Василенкомен кездесті.

Кейін оны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Әлихан Смайылов қабылдады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан