Атырау мешіттерінде Рамазан айында 107 300 адамға ауызашар беріледі

Атырау мешіттерінде Рамазан айында 107 300 адамға ауызашар беріледі

"Рамазан айы кезінде Атырау облысы бойынша мешіттерде күніне 3700 адамға ауызашар беріледі", - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, Рамазан айында орталық "Иманғали" мешітінің өзінде күніне 500 адамға ауызашар беріледі.

"Облыс мешіттері бойынша күн сайын 3700 адамға ауызашар беріледі. ​ Рамазан айының 29 күні ішінде Атырау облысы бойынша 107300 адамға ауызашар беріледі деген жоспарымыз бар. Бұдан бөлек, "Намаз оқып үйренейік" атты 29 күндік дәріс жобасын қолға алып отырмыз. Бұл дәріске кез келген адам қатыса алады. Мешіт ұстаздары намаз туралы сабақ беріп, шәкірттердің сұрақтарына жауап беретін болады. "Ораза жайлы білесіз бе?" атты рухани дәрісте Рамазан айының ерекшеліктері, адамды рухани тәрбиелеу бағыттарында сабақтар жүреді" деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Және биыл қасиетті ораза 29 күнге созылады. Ал, сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі.

Баян Жанұзақова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы