Атырауда он жылдан бері тұралап тұрған концерттік зал бұзылады

Атырауда он жылдан бері тұралап тұрған концерттік зал бұзылады

Бергей Рысқалиев Атырауға облыс әкімі болып тұрған кезде жарнамасы жер жарған концерттік зал құрылысы толықтай құлатылып, орнына жаңа мәдени нысан салынатын болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтың айтуынша,
Атырау қаласындағы 1200 орындық концерт залының құрылысы инвестициялық жобамен қайта жанданады.

"Құрылыс нысанының техникалық жағдайына сараптама жүргізу нәтижесінде, металды және темірбетонды конструкциялардың жарамсыздығы туралы қорытынды берілді. Нысан толықтай сүріледі, орнына қайтадан жаңа концерт залы тұрғызылады" деді Нұрберген Құсайынов.

Сонымен қатар, жанына мұражай салынады деп күтілуде. Қазіргі уақытта "BI Group" компаниясы жаңа үлгідегі эскиздік жоба жасақтап жатыр. Жобаның нақты жүзеге асырылатын уақыты алдағы уақытта белгілі болады.


Баян Жанұзақова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы