"Балалар арбасына жасырған". Астанада виски ұрлаған әйел видеоға түсіп қалды

"Балалар арбасына жасырған". Астанада виски ұрлаған әйел видеоға түсіп қалды

Астанада әйел супермаркеттен виски ұрлаған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға ЖШС-нің өкілі хабарласып, белгісіз біреу дүкенге келіп, 8 дана вискиді ұрлап кеткенін айтып арызданған. "Сарыарқа" ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен 26 жастағы қала тұрғынын ұстаған.

Тергеу барысында әйел сағат 17.00 шамасында Есенберлин көшесі бойында орналасқан супермаркеттердің біріне келгені анықталды. Бейнежазбада ол вискилерді алып, балалар арбасының ішіне жасырғанын көруге болады. Келтірілген шығын көлемі 81 мың теңгеден асады.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Әйел кінәсін мойындаған.

Еске салайық, бұған дейін былтыр елде алкоголь өнімдері екі өсе көп сатылғаны хабарланған болатын. Бірінші кезекте арақ пен алкоголь өнімдері сатылған. Олардың сатылымы екі еседен де артық өсті: 44,2 миллионнан 90,1 миллион литрге дейін. Спиртті сату көлемі де өсті: яғни 29,3 миллион литр (өсім 68,1 пайыз). Коньяк та көбірек сатылған: 20,5 миллион литр, 73,5 пайыз өсіммен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова