Атырауда ​36 елді мекен суға кету қаупінің алдында тұр

Атырауда ​36 елді мекен суға кету қаупінің алдында тұр

Атырау өңірінде су тасқыны қаупі төніп тұрған 36 елді мекен, 17 030 үй бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Су тасу қаупі бар елді мекендерде 86 мыңнан аса адам тұрады. "Қызыл аймақта" тұрған ​ елді мекеннің 26-сы Жайық өзені бойында орналасқан.

Қазір еріген қар суын айдау бойынша апат құтқару жұмыстары Индер, Қызылқоға аудандарында қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, биыл Атырауда бір күнде бір айда түсетін қар жауып, ал ақпанда өңір қар құрсауында қалған болатын.

Баян Жанұзақова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы