Жантүршігерлік жағдай: Алматыда балалар түн ішінде ер адамды соққыға жыққан

Жантүршігерлік жағдай: Алматыда балалар түн ішінде ер адамды соққыға жыққан
Фото: instagram.com/egovpress

Алматы облысында кәмелетке толмаған жасөспірімдер ер адамды аяусыз соққыға жыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

7 наурызда түнде Есік қаласының ауруханасына түрлі дене жарақаттарымен 49 жастағы ер адам жеткізілген. Жәбірленуші Тау Түрген ауылының тұрғыны болып шыққан.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Еңбекшіқазақ ауданы ПБ ювеналды полициясы мен криминалды полиция қызметкерлері 49 жастағы ер адамға дене жарақатын салды деген күдікпен 2006, 2007 және 2008 жылы туған үш кәмелетке толмағанды ұстады. Тергеу кезінде ұсталғандар 6 наурызда сағат 2:00 шамасында Түрген ауылында белгісіз ер адамға дене жарақатын салғанын мойындады", - деді Алматы облысының полиция департаменті өкілі.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелген.

"Қазір қажет сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова