"Ұмытылмас әсер сыйлайды". Ақтау маңында түсірілген қоқиқаздар Желіні тәнті етті

"Ұмытылмас әсер сыйлайды". Ақтау маңында түсірілген қоқиқаздар Желіні тәнті етті
Фото: Lada.kz

Ақтау маңындағы жүздеген қоқиқаз видеоға түсірілді. Видеоны блогер Азамат Сәрсенбаев түсірген, - деп хабарлайды Lada.kz.

Азамат Сәрсенбаевтың айтуынша, қызғылт түсті қоқиқаздар Қорғалжын қорығына одан әрі ұшу үшін күш алып жатыр.

"Ұшып бара жатқан қоқиқаздарға қарау көзге рақат сыйлайды. Олардың сұлулығы ұмытылмас әсер қалдырады", - деді блогер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова