Оралда судья жұмыс орнында қайтыс болды

Оралда судья жұмыс орнында қайтыс болды

Оралда судья жұмыс орнында қайтыс болды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Басылым мәліметінше, тергеу судьясы Нұрлан Губашев 10 наурызда таңертең жұмыс орнында қайтыс болған. БҚО Полиция департаменті өкілі ақпаратты растады. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, оқиға орнына шақыру сағат 9:48-де түскен. 1968 жылы туған судья жұмыс кезінде кенет ауырып қалған. Жедел жәрдем шақырғандардың айтуынша, ер адам қысылып, есінен танып қалған.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысының прокуроры жұмыс орнында өлі табылғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова