Жібек Құламбаева Астанадағы турнирдің жартылай финалына өтті

Жібек Құламбаева Астанадағы турнирдің жартылай финалына өтті
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour BeeTV 60 Women's турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, қазақстандық теннисші Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге ширек финалда нидерландықтар Жасмин Гимбрере мен Бибиана Схуфсты 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Жібек пен Мартина финалға шығу үшін ресейліктер Полина Кудерметова  мен Анастасия Тихоновамен ойнайды. 

"Ойын оңай болған жоқ. Әсіресе, екі сеттің соңында тәуекелге баруға тура келді. Жартылай финал да қиынға түсетіні анық. Астанадағы додадан кейін Джакартаға жол тартып, ITF W25 сериясында өтетін екі жарысқа қатыспақшымын", - деді Жібек Құламбаева.
 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан