Маңғыстау облысының екі тұрғыны үйде есірткі өсірген

Маңғыстау облысының екі тұрғыны үйде есірткі өсірген
Фото: polisia.kz

Маңғыстаулық екі тұрғын үйде есірткі өсірген. 2023 жылғы 6 наурызда 22-шағын аудандағы үйлердің бірінде екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тінту жүргізу нәтижесінде 17 түп есірткі затына ұқсас заттар, екі жарықтандыру шамы, 4 тыңайтқыш тәркіленді.

31 және 41 жастағы күдіктілер ұсталды.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі бойынша Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан