Түркістан облысы прокуроры өлімінің алдын ала себебі айтылды

Түркістан облысы прокуроры өлімінің алдын ала себебі айтылды
Фото: gov.kz

Түркістан облысы прокуроры өлімінің алдын ала себебі айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі Марат Әлиханов өлімінің алдын ала себебі инфаркт болғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Түркістан облысының прокуроры жұмыс орнында 9 наурызда қайтыс болған. Ол 58 жаста еді.

Бұған дейін Бас прокуратура кенеттен қайтыс болған Марат Әлихановтың туыстары мен достарына көңіл айтты.

Еске салайық, Марат Әлиханов 2020 жылғы ақпаннан бастап Түркістан облысының прокуроры болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек