Павлодардағы жаппай төбелестің мән-жайы анықталды

Павлодардағы жаппай төбелестің мән-жайы анықталды
Фото: Polisia.kz

Павлодардағы жаппай төбелестің мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

9 наурызда сағат 00:37 шамасында "Сұрағанов көшесінің бойында төбелес болып жатыр" деген хабарлама түскен. Мекенжайға полиция қызметкерлері жіберілді.

"Полиция бөліміне 23-31 жас аралығындағы алты облыс тұрғыны жеткізілді. Барлық қатысушы бұрын бір-бірімен таныс екені анықталды, кафе жанында олар бір-бірімен ауызша қақтығысқа түсіп, шулы әрекет еткен. Барлығы арызданудан бас тартты", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

Қатысушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, әрқайсысына 5 АЕК, яғни 17 250 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина