Таразда бір үйдің бес адамы газдан уланып қалды

Таразда бір үйдің бес адамы газдан уланып қалды
Фото: Әлихан Сариев/Tengrinews.kz

Таразда бір үйдің бес адамы газдан уланып қалды, арасында үш бала бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 7 наурызда Тараздағы Шоқан Уәлиханов 2-ші тұйық көшесіндегі жеке тұрғын үйде сағат 00:15-те түтін мұржасы тазартылмағандықтан бір отбасынан 5 адам улы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды.

Бұл 2010, 2012, 2015 жылы туған балалар мен олардың 1964 және 1975 жылы туған ата-анасы.

Сонымен бірге ведомство 2023 жылғы 6 наурызында жедел жәрдем станциясының кезекші диспетчерінен Аягөздегі Линейная көшесінде екі ер адам улы газдан уланғаны туралы хабарлама келіп түскенін хабарлады.

Бұған жылыту пешін пайдалану талаптары бұзылғаны себеп болған, атап айтқанда ақауы, жарығы мен тесігі бар пешті жаққан болып шықты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан