Шымкентте көшеден ер адам өлі табылды

Шымкентте көшеден ер адам өлі табылды
Фото: видеодан алынған кадр

Шымкентте көшеден ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, 37 жастағы ер адам есірткінің артық мөлшерде қолданған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, қайғылы оқиға 6 наурызда сағат 00:30-да болған. Ер адам досының медициналық көмекке мұқтаж екенін айтып, жедел жәрдем шақырған. Оның сөзінше, оның досы көлікте ауырып қалған.

Алайда дәрігерлер келгенде оқиға туралы хабарлаған адам жақын жерде болмаған. Ер адамның мәйіті BMW маркалы көліктің жанында, жолда жатқан. 

Қазір құқық қорғау органдары бұл істі өз бақылауына алған. Олар ер адамның нақты неден қайтыс болғанын және досының оқиға орнынан неге кеткенін анықтайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан