Мемлекеттік бағдарламамен "үй алмақ болған" шымкенттік 7 миллион теңгесінен қағылды

Мемлекеттік бағдарламамен "үй алмақ болған" шымкенттік 7 миллион теңгесінен қағылды
Фото: instagram.com/police_shymkent

Шымкент тұрғыны мемлекеттік бағдарламамен үй аламын деп, 7 миллиогн теңгеге жуық қаржысынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2023 жылғы 22 қаңтарда Шымкенттің әл-Фараби аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бір ай ғана бұрын танысқан адам Шымкенттен "Мемлекеттік бағдарлама бойынша екі ай уақыттың ішінде пәтер алып беремін" деп, 6 650 000 (алты миллион алты жүз елу мың) теңге ақшасын алдын ала алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері күдіктіні қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкенттің 63 жастағы тұрғыны болып шықты. Зейнеткер. Бұған дейін мұнай саласында жұмыс істеген.

Ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, сотталып шыққан.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аталған дерек Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан