Семей тұрғындары су басқан көшеде қайықпен жүр - видео

Семей тұрғындары су басқан көшеде қайықпен жүр - видео

Семейде тұрғындар көшелерде су кешіп, қайықпен жүруге мәжбүр. Өйткені олар бірнеше күннен бері еріген қар суымен арпалысып жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көлкіген судың уақытылы тазаланбай жатқанын әзілге айналдырып, видео түсіріп, әлеуметтік желіге салған тұрғындар да бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Оса Семей (@oo_osa_semey_vko)

"Шәмші атамыздың қуанған кезде той-думанда айтатын әнін, өкінішке қарай, біз қазір Шығыс кентіндегі Айғыз Көшкімбаева көшесінің ортасында отырып алып айтып отырмыз. Өйткені бұл жақта қыстағы қар уақытылы күрелмеген. Тұрғындар жыл сайын осындай қиындықты бастан кешеді. Шығыс кентінде ғана емес, қаламыздың төңірегіндегі осылай жиналған суларда қайықпен жүрмеске амал жоқ", - дейді резеңке қайыққа мінген қала тұрғыны.

Ал Семей қаласы әкімдігінің өкілдері су сору жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын айтады.

"Қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Қазір қала көшелерінде және қала маңындағы тұрғын массивтерде 60-тан аса арнайы техника мен мердігерлік ұйымның 10 бригадасы жұмыс істеп жатыр. Жолдарды қар мен мұздан тазарту, көктайғаққа қарсы іс-шаралар және жаппай қар шығару жалғасып жатыр. Қыс басталғаннан бері 456 мың текше метр қар шығарылды", - дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі.

Айбын Алтай

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова