Маңғыстауда 2 адаммен қатар некеде тұрған әйел анықталды

Маңғыстауда 2 адаммен қатар некеде тұрған әйел анықталды

Маңғыстаулық Гүлназ есімді әйел өзінің бір емес, екі азаматпен қатар некеде тұрғанын білгенде, өзге түгілі, өзі де таңғалған. Massaget.kz тілшісі мән жайды анықтап көрді.

Гүлназ өзінің "екінші күйеуі" барын кездейсоқ біліп қалған. Мобильді қосымшадан цифрлық құжаттарын іздеген ол, өз күйеуінен бөлек, тағы бір азаматпен некеде тұрғанын біліпті. Некені Бейнеу ауданындық АХАЖ бөлімі тіркеген. Ал "екінші күйеуі" 1956 жылы туған азамат болып шықты.

"Мен 2005 жылы тұрмысқа шықтым. Ал мына неке қию туралы куәлік 2006 жылы 21 ақпанда берілген. Мұны көріп, бірден құзырлы органға хабарласып, екінші неке куәлігін алып тастауды сұрадым. Бірақ мобильді қосымшамда әлі күнге тұр", - дейді Гүлназ.

Бейнеу аудандық АХАЖ бөлімінің басшысы қателік кеткенін мойындады. Оның айтуынша, құжаттар жаппай цифрландыруға көшкенде, 1956 жылы туған азаматтың неке куәлігін базаға көшіру барысында, техникалық кете кеткен болуы мүмкін.

"Бұл - 2006 жылы кітапқа жазбаша тіркелген неке. 2008 жылы ақпараттық жүйе іске қосылып, сол уақытта неке куәлігін базаға енгізу барысында техникалық қате кеткен болуы керек. Мұны қалпына келтіруге болады. Акт жазбаны жоямыз", - деді Бейнеу аудандық АХАЖ бөлімінің басшысы Қанағат Назарханов.

Сая Мәжитқызы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы