Ұл балаларды ұрлап кетіп, жыныстық зорлық жасаған: Сауд Арабиясында педофил өлім жазасына кесілді

Ұл балаларды ұрлап кетіп, жыныстық зорлық жасаған: Сауд Арабиясында педофил өлім жазасына кесілді
Фото: elements.envato.com

Сауд Арабиясында педофил мен кісі өлтіруші өлім жазасына кесілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

Сауд Арабиясының Джидда қаласында 4 наурызда педофил өлім жазасына кесілген. Бұл туралы осы елдің ІІМ хабарлады.

"Омар Әл-Баракат кәмелетке толмаған ұлдарды азғырғаны және ұрлағаны үшін, сондай-ақ, оларға жыныстық зорлық жасағаны үшін сотталды", - деді ведомство өкілі.

Сот оны өлім жазасына кескен. Сонымен қатар, Джидда қауіпсіздік қызметкерін өлтірді деп айыпталған Мұхаммед Файди де осындай жазаға кесілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова