Темір сататындардың кәсібі. Таразда 641 кәріз құдығының қақпағы ұрланған

Темір сататындардың кәсібі. Таразда 641 кәріз құдығының қақпағы ұрланған
Фото: tengrinews

Темір сатып, табыс тауып жүргендер былтыр Тараздағы 641 кәріз құдығының қақпағын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құдықтардың ашық қалғаны тараздықтар үшін қауіпке айналған. Тұрғындар бәрінен бұрын ойнап жүрген балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды.

Қақпағы жоқ құдыққа жаңасын жасату үшін де қыруар қаражат керек екен. Мамандардың айтуынша, бір құдыққа шамамен 6280 теңге қажет. Көше ұрылары 641 кәріз құдығының қақпағын ұрлап, орта есеппен 4 миллион теңге залал келтіріп отыр.

А. Сырымбет

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова