Қарағандыда қармен бірге жол да "еріп" кеткен

Қарағандыда қармен бірге жол да "еріп" кеткен

Қарағандыда тұрғындар тарапынан басты даңғылдағы жол төсеміне қатысты көптеген шағым айтылып жатыр. Халық Бұқар жырау даңғылындағы тасжолдың жабыны еріп кеткенін айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дүйсембеков көшесінен Гончарная көшесіне дейінгі ұзындығы 700 метр болатын аумақ 2018 жылы күрделі жөндеуден өткізілген. Жұмысты орындаған "СапаЖолСтрой" ЖШС мердігерлік ұйымы екен. 2021 жылы жол әлі де кепілдікте болғанына қарамастан жарамсыз болып қалған. Сол кезде мердігерлер бұрынғы қала, қазіргі облыс әкімі Ермағамбетов Бөлекпаевпен кездескен еді.

Ал содан кейін мердігерлер бұл мәселені шешу туралы тапсырма алған, сөйтіп, мамандар ойықтарды ретке келтірген. Бірақ атқарылған жұмыс уақыт сынына төтеп бере алмай, тұрғындарға күнделікті қиындық туғызып отыр. Бұл жағдайға кім жауап беретінін ешкім білмейді, ал жолда жүру мүмкін емес.

"Жыл сайын жолдарды жөндеп жатады. Халықтың ақшасы ауаға кетіп жатыр. Ал зардабын көретін - біз, қарапайым халық", - дейді қала тұрғыны Нұрбол Мырзатаев.

Тұрғындардың бұл мәселеге қатысты айтары көп. Қала үшін маңызды жол учаскесінде жұмыстар сапалы орындалмаған, оның үстіне соңына дейін бақыланбаған. Жүргіншілер жүретін бөлікке де қатысты тұрғындардың айтар шағымы аз емес. Осыдан жаяу жүргіншілер мен тұрғындардың аулалары зардап шегіп отыр.

"Бұқар жырау даңғылы 2023 жылға арналған көлік жолдарын орташа жөндеу бағдарламасына енгізілді. Конкурс рәсімдері жүргізілгенге дейін ойықтарды жөндеу арқылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр. Жұмыстар биылғы 6 наурызда басталады", - дейді Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Григорий Ботнарь.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова