Ақтауда балконда кәуап пісіргендер қалай жазаланатыны белгілі болды

Ақтауда балконда кәуап пісіргендер қалай жазаланатыны белгілі болды

Ақтауда 32-шағынаудандағы үйлердің бірінің балконында кәуап пісірген ер адамдарға әкімшілік айыппұлдар салынды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаменті және Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Lada.kz.

Басылым мәліметінше, тұрғындар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (ҚР ӘҚБтК) екі бабын бұзған.

Полиция департаменті мәліметінше, учаскелік инспекторлар ер адамдарға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырған. Бұл бапты бұзғаны үшін оларға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Ақтау ТЖ басқармасының бас маманы Мақсат Шахматов ер адам тұрғын үйдің балконында кәуап дайындау арқылы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғанын айтты.

"Оған ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 410-бабы бойынша хаттама толтырылды. Ол өз кінәсін мойындады", - деді Мақсат Шапхатов.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 410-бабын бұзған жеке тұлғаларға бес АЕК мөлшерінде жаза қолданылады.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда ер адамдар балконда кәуап пісіргені жарияланғаны болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова