"Беделін пайдаланған". Жастар мен кәсіпкерлерден ақша бопсалаған адам ұсталды

"Беделін пайдаланған". Жастар мен кәсіпкерлерден ақша бопсалаған адам ұсталды
Фото: polisia.kz

Ақмола облысының полицейлері жастар мен кәсіпкерлерден ірі көлемде ақша бопсалаған адамды анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында ҰҚҚКБ қызметкерлері Бурабай ауданы тұрғынының жастардан үнемі ақша бопсалағанын анықтады. Жедел уәкілдер Бурабай ауданының бұрын сотталған тұрғынын ұстады. Ол жастар арасында беделін пайдаланып, бопсалау және дене жарақатын салу секілді жолмен қауіп төндіру арқылы ақша бопсалаған. 25 жастағы ақмолалық жәбірленушілерді мобильді қосымшалар арқылы "онлайн-несиелер" рәсімдеуге мәжбүр етіп, кейін ақшаны өзіне алған. Залал сомасы 250 мың теңгеден 1,4 миллион теңгеге дейін болған.

"Щучинск қаласында және Көкшетауда осындай төрт оқиға болған, жәбірленушілердің жазбаша түсініктемелері алынды", - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, жәбірленушілер арасында облыс орталығынан жеке кәсіпкер де бар, одан күдікті қоқан-лоқы көрсету арқылы 1,4 миллион теңге бопсалаған.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша қылмыстық істі тергеу шеңберінде  ҰҚҚКБ қызметкерлері ұсталған адамның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен басқа азаматтарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Тергеу кезеңінде жәбірленуші ұсталып, қамауға алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова