Жамбыл облысында 68 адам қар құрсауынан құтқарылды

Жамбыл облысында 68 адам қар құрсауынан құтқарылды

Жамбыл облысында қар құрсауынан 68 адам құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

10-11 ақпанда қатты боран мен жолдың нашар көрінуіне байланысты Жамбыл өңірінде республикалық және облыстық маңызы бар бірнеше автожол учаскесі жабылған болатын. Халыққа sms-ескертулер мен әлеуметтік желілер арқылы ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды.

"Алайда, жол қызметкерлері мен құтқарушылардың ескертуіне қарамастан, адамдар әлі де алыс жолға шығып, өздеріне және басқа адамдардың өміріне қауіп төндіріп жатыр.

Мәселен, 11 ақпанда сағат 01.00-ден 06.30-ға дейінгі кезеңде Күйік - Қарабастау-Қаратау және Қаратау - Жаңатас автожолдарының екі учаскесінде ТЖД күшімен қар құрсауында қалған 12 жеңіл автокөліктен 68 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылды. Олар жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында құтқарылғандардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады", - делінген министрлік хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова