Қызылорда станциясында пойыз адамды қағып кетті

Қызылорда станциясында пойыз адамды қағып кетті

Қызылорда станциясында пойыз адамды қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 5 ақпанда бұл дерек Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2 бөлігімен, яғни абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша тіркелді.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексінің 201 бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат тергеп-тексеру мүддесіне орай қазіргі уақытта жария етілмейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина