Жігітпен кездесуге барған: Павлодарда 17-дегі астаналық қыз адасып қалған

Жігітпен кездесуге барған: Павлодарда 17-дегі астаналық қыз адасып қалған
Фото: Рolisia.kz

Астана тұрғыны Павлодар ПБ Оңтүстік бөлімінің қызметкеріне қиын сәтте қызына көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді, - деп хабарлайды Рolisia.kz.

31 қаңтарда түскі үзілісте ювенал полицияның аға инспекторы Ибраева Қайыргүл аялдамада автобус күтіп тұрғанында көзіне жас алған қыз оған жақындағанын айтты. Қыз қиын жағдайға тап болған. Полиция капитаны қызға бөлімге баруды ұсынған.

Полиция инспекторының айтуынша, қыз 17 жаста, ол Павлодарға жігітпен кездесуге келген. Бірақ онымен жанжалдасқаннан кейін бейтаныс қалада жалғыз қалған, оның үстіне, телефоны сөніп қалған. 

"Қайыргүл Госманқызына менің жағдайымды тыңдап, эмоционал қолдау білдіріп, қамқорлық көрсеткені үшін алғыс айтамын. Сол күні мен оны кездестіргеніме бақыттымын, ол, айтпақшы, ювенал полиция инспекторы екен, - деді астаналық қыз.

Инспектор жасөспірімді тыңдап, онымен сөйлескеннен кейін оның заңды өкілдеріне қоңырау шалып, барлық жағдайды түсіндірген. Ата-анасы дереу Астанадан Павлодарға келген. Инспектор қыздың ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізді.

"Оңтүстік бөлімінің ювенал полициясының аға инспекторына алғысымды білдіргім келеді. Өз жұмысын толық біледі, ашық жан және кең жүрегі бар қызметкер. Біздің отбасымыздан көп рақмет. Оған денсаулық пен жұмыста табыс тілейміз", - деп жазды қыздың әкесі Бауыржан Серсембайұлы алғыс хатында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек