Құрдымға кеткен "Қазақ тұлпарының" тамырына қан жүгіре ме?

Құрдымға кеткен "Қазақ тұлпарының" тамырына қан жүгіре ме?
Фото: elements.envato.com

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов еліміздегі тарихы тереңге кеткен "Қазақ Тұлпары" жылқы зауытындағы жағдайды жеке бақылауға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бір кезде бұл жылқы зауыты атағы алысқа кеткен асыл тұқымы жылқыларды өсірумен айналысатын еліміздегі ірі кәсіпоры болған. Кейінгі жылдары басынан соры арылмаған кәсіпорынның құлдырағаны соншалық бәйгенің алдын бермейтін қостанайлық жылқы тұқымы жойылып кетудің азақ алдында тұр.

Патша заманынан бері келе жатқан жылқы зауытының дәл осындай қиын жағдайға ұшырауына түрлі факторлар себеп болған. Оның біріншісі басқару жүйесіндегі білікті кадрлардың болмауы мен Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан бөлінетін қаржыландырудың тоқтатуы. Жағдайды одан әрі ушықтырып жіберіпті.

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, 2015 жылы бұл серіктестікте 300 бас асыл тұқымды жылқы болыпты. Ал, 2019 жылы "Қазақ тұлпарында" небәрі 80 бас жылқы қалса, оның 40-ы Қостанай тұқымды бие екен. Биылғы деректері бойынша, кәсіпорында небәрі 64 бас жылқы бар, оның 48-і ғана асыл тұқымды.

Компанияның қарызы 241 миллион теңгеге жеткен. 2021 жылы "Қазақ тұлпары" ЖШС 100 пайыз мемлекет меншігіндегі "Қарабалық" ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының сенімгерлік басқаруына өткен. Сенімгерлікке алған мекеменің міндеті - дағдарысты бастан өткеріп жатқан кәсіпорынды аяғынан тік тұрғызу еді. Өкінішке орай оның өзінеде демеу керек секілді.

Енді тығырықтан шығар жалғыз жол жылқы зауыты мемлекет қолдауына мен қосымша қаржыға өте зәру болып отыр. Облыс әкімі қатықан алқалы жиында "Қазақ тұлпары" ЖШС басшысы Айгүл Амандықова кәсіпорынды субсидиялау және қарыз міндеттемелерін орындау мәселелерін көтерді.

Айта кетейік, маман екі жыл бұрын дағдарыста тұрған кәсіпорынды басқаруға келісімін беріпті. Айгүл Амандықованың өзіде жылқы малының селекциясы мен тұқымын асылдандыру бойынша түрлі зерттеулер жүргізген ғалым. Ол жиында ауылшаруашылық басқармасы арқылы жылқы зауытына қаражат бөлуді сұрады.

"Қостанай тұқымы - біздің жалғыз брендіміз, асыл тұқымды жылқылар еліміздің мақтанышы. Біз жылқы популяциясын сақтап, дамытуымыз керек. "Қазақ Тұлпары" – мемлекеттік жылқы зауыты. Біз бірнеше рет түрлі ұсыныстар бердік. Атамекенге де, ауыл шаруашылығы басқармасына да жүгіндік. Бірақ мәселе шешілмеді", - деп қынжылды "Қазақ тұлпары" ЖШС басшысы Айгүл Амандықова.

Құмар Ақсақалов өтінішті тыңдап, кәсіпорынды толық қолдауға дайын екендігін білдірді. Жылқы зауытын бақылауға алуды тапсырды.

"Өкінішке қарай, "Қазақ тұлпары" ЖШС жағдайы баршамызды алаңдатуы керек. Біз еліміздегі жалғыз спорттық тұқым өсірілген бірегей жылқы зауытын жоғалтудың азақ алдында тұрмыз. Кәсіпорындағы жағдайды шешіп, асылдандыру жұмыстарын облыстық бюджеттен дербес қаржыландыруға дайынбыз", - деп жауап берді облыс әкімі.

Ақсақалов жақын арада кәсіпорынға барып, жылқы зауытының басшылығымен барлық мәселелерді мұқият талқылайтынын айтты. Аймақ басшысының бастамасын залда отырғандар қошеметеп тұрып қолдады.

Мешіт Ғазизұлы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина