Павлодарда ит атқан жүргізуші іздестіріліп жатыр

Павлодарда ит атқан жүргізуші іздестіріліп жатыр
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Павлодарда ит атқан жүргізуші іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 ақпанда Павлодар қаласының полициясына Гагарин көшесі, 76 мекенжайындағы автотұрақта Jeep автокөлігінің жүргізушісі итті атып, тастап кетті деген шақыру түскен.

Оқиға орнына тексеру жүргізілген. Бақылау камераларындағы бейнелер қаралып зерттелген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша соталды тергеу басталған.

Осы дерекке қатысы бар адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Ауыр жағдайдағы ит зооволонтерлермен бірге ветеринария клиникасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова