Шымкентте тұрғын үйдің балконы опырылды

Шымкентте тұрғын үйдің балконы опырылды
Фото: видео скрині

Шымкенттегі үшқабатты тұрғын үйде балкон құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 31 қаңтарда түстен кейін Тәуке хан даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысында болған.

Алдын ала болжам бойынша, бұған қар мен мұздың көптеп жиналуы себеп болған.​ Үйінділер үйдің алдындағы алаңға құлап, құлаған кезде екінші қабаттағы желдеткішке және бірінші қабаттағы ғимараттың күнқағарына зақым келтірген. Төменде адамдар болмаған, зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан