"Сайрам-Өгем" ұлттық паркінің директоры мен бірнеше қызметкері ұсталды

"Сайрам-Өгем" ұлттық паркінің директоры мен бірнеше қызметкері ұсталды
Фото: elements.envato.com

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бірқатар лауазымды қызметкері жемқорлық әрекеті үшін күдікті ретінде ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

"Шымкенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РМК бас директорына, оның бірқатар бағыныстыларына, сонымен бірге комитеттің бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына қатысты алдау және сенімге қиянат жасау, пара беру және алу арқылы өзге мүлікті ұрлады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізеді", - делінген Антикор таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта лауазымды тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан