Айнұр Тұрсынбаева жұрт неге Raim мен Еркені сынап жатқанын айтты

Айнұр Тұрсынбаева жұрт неге Raim мен Еркені сынап жатқанын айтты

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева жұрт неге Raim мен Еркені сынап жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram Stories-інде бөлісті. Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарының қойған сұрағына жауап беріп, жұрттың бұл әрекетіне психологиялық талдау жасады.

"Триггер! Әр қыздың басында сәтсіз махаббат тарихы бар. Сол травмалар ғой оянып жатқан. Және көп әйелдің басында "күйеуім тастап кетсе ше" деген қорқыныш та көп екенін байқадым", - деп жауап қайтарған айтыскер.

Сондай-ақ, ол "сонда Наргизді (Raim-ның бұрынғы қызы - еск.) жылатып кеткен Еркенікі дұрыс па" деген оқырманның сұрағына жауап берді.  

"Наргиз жылап жүр деп кім айтты? Келіп, кетіп жүрген жігітім деп ашық айтып тұр ғой. Оны бақытты ететін адам кездеседі ғой бұйырса! 5 баласымен бақыртып тастап кеткендей шулайсыздар! Маңдайдағы жазуды Алла жазады! Ешкімнің отбасын бұзбай, өз бақытын тапқанына қуанамын өзім. Бәріңіз алғашқы махаббатыңызға қосылғансыздар-ау... Немесе тұрмысқа бұрын қызбен жүрмеген "еріндері кеседен, басқа жерге тимеген" жігіттерге ғана шығып жатырсыз ба?" - деп жазған ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек